Қымбат көлігімен бала қағып өлтірген келіншектің үкімін сот өзгеріссіз қалдырды

Сотталушы үкім шыққаннан кейін оны шартты жазаға ауыстыруды сұрап, шағым түсірген. Естеріңізге салсақ, апатқа себеп болған Семченко 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазір ол жазасын қоныс колониясында өтеп жатыр. Ал тәркіленген мүліктері қайтарылып, үкім бойынша 132 мың теңге айыппұл төлеген. Жүргізуші әйел тежегіш пен газды шатастырып, балабақшада қаннен-қаперсіз ойнап жүрген бүлдіршіндерді қағып өткен еді. Қайғылы оқиғадан 5 жасар қыз қаза тауып, 9 бүлдіршін ауыр жарақат алған.

Loading...