Белгілі әнші Ернар Айдар әлеуметтік желідегі парақшасындахалыққа көлігін көрсетіп мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше нөмірі қымбат көліктің суретін жүктеп, халыққа сұрау салды. Әуелі қал-жағдай сұрасқан өнер иесі артынша өзі туралы жұрттың пікірін білгісі келген сыңайлы.
"Қалайсыздар? Мені танитындар болса, қол көтеріп қойыңыздар", - деп жазды әнші.
Ернар Айдардың бұл жазбасына наразы болған оқырмандары көлікті жарнамалап жатқанын бірден түсініп қойған көрінеді. Әнші көлігін көрсетемін деп жұртқа жақпай қалды.
"Машинаңды жарнамалап тұрсың ба? Бір күні әжетхананы жарнамалап жүрмеңдер. Халықтың арқасында жүргеннен кейін салихалы, салмақты болсаңдар болар еді" десті желідегілер.