Тағы 6 машина іле-шала сыртқа шығарылыпты. Бірақ ағаш қабырғаларды шырпыған өрт біразға дейін бой бермей, сөндіру қиынға соғыпты. Дегенмен, жанармайға толы көліктердің жарылуына жол берілген жоқ. Тұрақта осы кезде 25 көлік болған екен. Шығынның көлемі қазір бірнеше миллион теңгеге жуықтағаны мәлім болды. Мамандар осыған байланысты біреулер қасақана от қоюы мүмкін деген болжам айтуда.