Қымбат металдар мен тастар өндіруді реттейтін арнайы заң жобасы әзірленді


Заң жобасының мақсаты қымбат металдар, тастарға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге заңнамалық негіз қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, қолданыстағы ұлттық нормаларды Еуразиялық экономикалық одақ нормаларымен үйлестіру көзделеді.

Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың айтуынша,  қолданыстағы жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада негізінен жер қойнауына қатысты барлау, өндіру, пайдалануға қатысты кешенді шаралар қамтылған. «Сондай-ақ,  сыртқы экономикалық қатынастар талабының бүгінгі ахуалына байланысты қымбат металдар мен құнды тастардың өндірісі мен айналымын реттеуге қатысты арнайы заң қабылдау қажеттігі туындайды. Ал құжат ережелеріне келсек, Қазақстан аумағынан қымбат металдары бар шикізат тауарларын алып кетуге ниетті тұлғалар бекітілген тәртіппен отандық компаниялардан оны қайта өңдеу мүмкіндігін немесе одан бас тартылғандығын растайтын сертификат алуы тиіс», - деді А. Рау.