Бір тентектің арқасында бұл мектептегілер үш күндік демалыстарын тағы бір күнге ұзартты. Мектеп басшылығы сабаққа кешігіп келген төрт оқушының бірінен күдіктеніп отырған көрінеді. Егер газ сепкен сотқар анықталатын болса, ата-анасына айыппұл салынбақшы. Ең қызығы, мұндай келеңсіз жағдай қаладағы қорғанысы мықты білім ошағында болып отыр. Себебі бюджеттен жалғыз осы мектепке ғана сынақ ретінде қауіпсіздік шараларына деп миллиондаған ашқа бөлінген. Кіріп-шыққандарды тексеріп, ғимаратың ішін бақылау үшін арнайы қондырғы орнатылған болатын. Әйтсе де ол қарулы қаскөй тұрмақ, сотқар балаға да кедергі бола алмады.