Қырғыз көліктерін Қазақстанға сату үшін кіргізу тиімсіз


«Қырғызстанның ЕАЭО-қа кіруінен кейін интеграциялық кеңістік аумағына алдын ала сатып алынған көліктерді шығарады деп ойлаған едік, бірақ ол рубль мен теңгенің құлдырауы салдарынан жүзеге аспады. Мысалы, Қазақстандағы бағалар Қырғызстан бағаларымен бірдей болып қалды. Сондықтан қазір бізге көліктерімізді Қазақстанда сату тиімсіз», - деп хабарлады В.Кондратьев.

Оның айтуынша, рубльдің девальвациясы Ресейде көліктердің доллардағы бағаларының айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырған, сондықтан олар қырғыз нарығын толтыра бастады. 

Бүгінде ресейлік БАҚ-тар Ресейдегі көлік нарығының қыркүйекте 30 пайызға төмендегенін және сатудың төмендеуі бірінші кезекте АвтоВАЗ өнімдеріне тиесілі болатынын хабарлады. 

Белгілі болғандай, Қазақстанда отандық көлік өнеркәсібін қырғыздың арзан нарығынан қорғау мақсатында қазақстандық нарыққа Қырғызстан аумағына 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кіргізілген көліктер ғана еркін өте алатынын белгілеген. 

Соңғы жылдары қырғызстандықтар өз елдерінің аумағына кейіннен сату мақсатында 100 мыңға дейін көлік әкелген.