Бішкекте басты митинг өткізілуде, оны Ұлттық-азаттық қозғалыс ұйымдастырған.
Құқық қорғау органдарының бағалауынша, Бішкектің орталығында мыңға жуық адам жиналған.
Қозғалыстың көшбасшыларының бірі Равшан Жээнбеков акцияға қатысушыларды сабырлық сақтауға, қоқыс тастамауға шақырды.
"Билік түнде және күндіз біздің 300 жақтаушымызды ұстады, оның ішінде менің кейбір серіктестерімнің туысқандары бар. Сөйтіп билік тағы да өзінің шынайы бетін көрсетіп отыр. Билік халықтың өз еркін білдіруіне қарсылық көрсетіп, дұрыс істемей отыр", деді митингіде Р.Жээнбеков.
Оның айтуынша, митингіге қатысушыларға жуық арада ыстық тағам мен су берілмек.
Ошта Ұлттық-азаттық қозғалысты қолдаушылар мен қызмет бабын бұрмалап пайдаланды, сыбайластыққа жол берді деген күдікпен қамауға алынған экс-спикер Ахматбак Келдібековтың туысқандары мен жерлестері өз митингілерін өткізбек. Алайда құқық қорғау органдары акция заңсыз, деп оларға кедергі жасауда. Сол себепті митингіге қатысушыларға Оштың орталық алаңына өтуге жол берілмей отыр.
Джалал-Абад қаласында да митингіні қолдап шамамен 150 адам шыққан.