Қырғыз парламенті ЕАЭО-ға кіру туралы шартты мақұлдады

халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларының пакетін мақұлдады. Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметінде хабарлады.

Бүгін ҚР ЖК ХІК отырысы барысында депутаттар алдында ҚР Экономика министрі Олег Панкратов сөз сөйледі және барлық қажетті ақпартты ұсынды. Шарттарды ратификациялау туралы негізгі заң жобасынан басқа парламентарий бірқатар ілеспе құжаттарды қарады. Комитет төрағасы Қаныбек Иманалиев атап  өткендей, «қатысушы мемлекеттер елдерінің экономикасын дамыту үшін жағдай жасап қоймай, сонымен бірге Қырғызстанның 77 мыңнан астам азаматын Ресейдің қара тізімінен шығару проблемасын жеделдетіп шешу үшін де құжаттарды қарап, қабылдауымыз қажет».

Депутаттар отырыс жұмысына қатысқан үкімет мүшелеріне елдің экономикалық альянсқа кіру мерзімдері мен тетіктеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды, заң жобасын мақұлдап, үш оқылымда пакетті қабылдау ұсынысымен Жогороку Кенешінің барша палатасына жіберді.


Еске салсақ, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіру туралы шартын ҚР үкіметі 14 мамырда кезектен тыс отырыста ратификациялаған. Бұдан басқа, ҚР экономика министрі ЕАЭО мүше мемлекеттер парламенттерін Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуын жазға дейін мақұлдауға шақырды.