Қырғыз парламентінің депутаттары Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы даулы жерлерге барады

Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, бұл сапарға парламенттегі президенттік "Ақ Жол" фракциясының өкілдері бастамашы болған. Алғашқы сапар 18 наурызға жоспарланған. Депутаттар Таласқа барады. Сосын олар одан өзге екі жерді қарайды: бірі - Бішкекке жақын Тоқмақ қаласының маңында болса, екіншісі - Ыстықкөл облысының Қарқара деген жері.

"Қырғыз-қазақ шекарасының жалпы ұзындығы шамамен 1224 шақырым", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Қырғыз - қазақ қатынастарындағы осы проблеманы жан-жақты зерттеу оның жақында Жогорку кенеште талқылануының алдында іске асып отыр.