Қырғыз -қазақ шекарасында 100 тоннадан астам контрабандалық цемент ұсталды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұстау шарасын ІІМ-нің лауазымдық қылмыстармен күрес жөніндегі бас басқармасы мен Чу облыстық мемлекеттік автоинспекциясы бөлімінің қызметкерлері берлесіп "Тұзақ" атты шара барысында жүзеге асырған. Қазақстанға бет алған барлық үш автокөлік те Қырғызстанның Чу облысы Кен-Булун ауылында тоқтатылған. Жүргізушілерде жүктің құжаттары болмай шыққан. "КамАЗ" көліктерінің номерлері қолдан жасалған жалған номерлер болған, қазақстандық номерлердің үстінен қырғызстанның номерлері скотчпен жапсырылыпты. Ал артқы номерлерін контрабандистер балшықпен бояп тастаған.

Контрабандалық цемент құны 500 мың сомға ( $13 мың ) бағаланды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті