"Қазақстан Республикасының Қарасу өзені маңында 2007 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстанның Шекара қызметінің әскерилері шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматын табельдік қарумен атып өлтірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қырғызстанның ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара бұзушыға қарсы табельдік қаруды қолдануға оның шекарашылардың талабына бағынудан бас тартуы себеп болған. Сөйтіп, Қордай ауданының Қарасу ауылының 34 жастағы тұрғыны қаза тапты.
Жамбыл облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі ауданаралық бөлімі қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, ауыл тұрғыны Қырғызстаннан Қазақстанға күнделікті тұтыным тауарларын контрабандалық жолмен тасымалдаумен шұғылданған.
Қазақстан Республикасы Жамбыл облыстық ІІД тергеу бөлімдері тексеру жұмыстарын жүргізуде.