Қырғыз қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздардың саудасы басталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сауда-саттық жұмыстары бүгін басталады. Бұл оқиға салтанатты шараға ұласады , оған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қатысады.

Биржада тоғыз айлық мемлекеттік бағалы қағаздарды сату жоспарланған. Қырғызстан Қаржы министрлігі вексельдерді мемлекеттік бюджеттің тапшылығын өтеу үшін шығарып отыр.

Бұған дейін мемлекеттік бағалы қағаздар республиканың Ұлттық банкі арқылы саудаға шығарылатын. Егер жоба табысты болып жатса, онда мемлекеттік қазынашылық вексельдердің барлық түрлері Қырғыз қор биржасының сауда алаңына шығарылатын болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті