Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент бүгін кешке Қ.Бакиевтің шетелдік сапарларына қызмет көрсететін "Қырғызстан" әуекомпаниясына қарасты ұшақпен ұшып келеді. Алдын-ала мәліметке сүйенсек, ертең, 29 наурызда Қырғызстан мемлекет басшысы үкіметте кеңес өткізеді, онда елдегі ағымдағы экономикалық ахуал мен басқа да өзекті мәселелер қаралады.
Қ. Бакиев журналистер алдына шығып, халыққа шетелдегі сапарын қалай өткізгені туралы айтып береді деп күтілуде.
Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі 3 наурызда президенттің Германияға қысқа мерзімдің демалысқа кеткені туралы хабарлама таратқан. Алайда, бұдан кейін мемлекет басшысының демалысы созылып кетіп, бұл өз кезегінде оның денсаулығына қатысты түрлі дақпырттардың таралуына түрткі болды. Осыған байланысты осы аптаның басында баспасөз қызметіне осындай алыпқашпа әңгімелерді ресми түрде жоққа шығаруына тура келді.