Қырғыз сейсмологтары Орталық Азияда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген болжам айтуда-газет

"Қырғызстан Академиясының сейсмология институтының директоры Қанат Әбдірахматов жақын уақытта Орталық Азия аумағында қатты жер сілкінісі (7 - 9 балл) болады деген болжам айтуда. Оның пікірі бойынша, зілзала орталығы Жамбыл облысымен шекералас жатқан Шу облысында болуы мүмкін дейді", - деп хабарлайды газет.

Қырғыз сейсмологының пікірі бойынша, қатты зілзала биылғы жылы немесе 2010 жылдан аспайтын болады. "Сонымен қатар, сарапшылар қазақ-қытай шекарасындағы жер қатпарларының сілкінісіне назар аударып отыр, бұл жер дүмпулері көрші елдерден бұрын Алматы тұрғындарына қауіп төндіріп тұр", - деп хабарлайды басылым.

Қазақстан мамандары мұндай ақпаратты теріске шығарады. ТЖ жөніндегі департаментінің бастығы Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, "алдағы екі айда Алматыда 2-3 балл құрайтын жер асты дүмпулері ғана болады", деп жазады газет.

"Қазақстан мен Қытай шекарасында қуаты 6 баллға жететін жер сілкінісі болған жағдайда, Алматыда оның күші 2-4 баллды ғана құрайды. Өйткені, олардың арасындағы арақашықтық 448 шақырым. Естеріңізде болса, Қырғызстанда, Таразда жер сілкінгенде Алматыда 2 баллдан артық жер асты дүмпуі болмайды", -деп мәлімдеді Б. Ысқақов.