Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан 33 килограмм марихуана енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Мемлекеттік шекараны бұзған екі адам "Степное" шекаралық заставасының маңында көзге түскен.

Қуғынды сезген есірткі тасушылар марихуана салынған үш қапты лақтырып жіберіп, Қазақстан аумағына жасырынып үлгерген.

Қазір іс материалдары Жайыл аудандық ІІБ-ның есірткімен күрес бөліміне өткерілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті