Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жолмен жанар-жағармай өткізетін шлангты анықтады

жанар-жағармай ЖЖМ (дизельдік отын) заңсыз, жасырын өткізетін шлангты анықтады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы МШҚ-нің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Шланг шекара маңындағы Шу өзенінің жағасындағы жерге көміліп, одан әрі су астымен Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткен. Жағармай шлангының ұзындығы шамамен 1500 метр, диаметрі - 500 мм. 


Шекарашылар шлангты анықтағаны туралы құзырлы органдарға хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.