Бұл туралы ҚР президенті Алмазбек Атамбаев Ресейдегі сапары барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Кабар" агенттігіне сіотеме жасап.
«Осы күзден бастап біз мектептерде ағылшын тілін күн сайын оқытатын бағдарламаны енгізіп, үш тілде оқытуды жеделдетуды қолға аламыз. Алайда бізге ең бірінші кезекте мемлекеттік қырғыз тілін, сосын орыс және ағылшын тілдерін үйрету қажет. Екі тілді білсең үшінші тілді үйрену қиынға соқпайды. Мәселен, мен ағылшын тілін интернеттің көмегімен ғана меңгеріп алғанмын», - деді А. Атамбаев.
Президенттің сөзіне қарағанда, Қырғызстанға ең бірінші кезекте мемлекеттік тілді сақтау қажет.
«Қырғыз тілі Алтай өркениетінен сақталып қалған ежелгі тілдердің бірі. Бізді түркі тілдері қатарына жатқызады, алайда тілімізді 90 пайызы араб және парсы тілдерінен енген сөздер құрайды. Әрбір қырғыз баласы өзінің ана тілін біліп өсуі үшін жағдай жасау керек», - деп атап өтті ҚР президенті.