Қырғыздар Олимпиада ойындарында медальдық есепте Қазақстанды басып озады

Грек-рим күресінен қырғыз балуаны Ақжол Махмудов Токиодағы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Махмудов жартылай финалда армян балуаны Карапет Чалянды 6:2 есебімен ұтып, Олимпиада ойындарының финалына өтті.

Осылайша, Қырғызстан қалай болғанда да не алтын, не күміс медальға ие болады, ал Қазақстанда қазіргі уақытта үш қана қола медаль бар. Бұл қырғыздардың Токиодағы Олимпиадасында алған алғашқы жүлдесі  болатынына қарамастан, егер біздің спортшылар оған дейін  күміс пен алтын алмаса, олар автоматты түрде Қазақстаннан жоғары тұрады. 


Malim.kz
порталының жазуынша, оны бір кездері Қазақстан құрамасының атынан сынға түсуге шақырған көрінеді.Бірақ ол қанша ақша ұсынса да келіспей қойған көрінеді.