Боранбек Әлбергеновтың хабарлауынша, қарыз 2006 жылы Өзбекстан Қырғызстанға табиғи газ тасымалдаудан бас тарқан кезде пайда болған.
"Сол кезде біз қырғыз ағайындарын газбен қамтамасыз еттік. Ең қызығы, Қырғызстан Өзбекстанмен дер кезінде есеп жасасады, тіптен алдын ала төлем жасайды. Сөйте тұра біздің қарызымыз қаншама жылдан бері төленбеуде",- деді дипломат. Боранбек Әлбергеновтың айтуынша, Қазақстан қарыз мәселесін шешу үшін Қырғызстаннан активтер қабылдауға, Қырғызстанның газ шаруашылығындағы жекешелендіру процессіне қатысуға әзір.