Қырғыз-өзбек шекарасында өткізу бекеті қайта ашылды

Азаттықтың жергілікті тілшісінің хабарлауынша, ашылу салтанатына екі жақтан 300-дей адам жиналды. Ашылу салтанатына Қырғызстан және Өзбекстанның жергілікті билік өкілдері қатысты.

Аталған бақылау-өткізу бекеті 2004 жылы ашылған, бірақ 2016 жылы өзбек тарапы шекараны біржақты түрде жауып тастаған.

Биыл қыркүйек айында Жалал-Абад облысы Ала-Бөкен ауданындағы "Баймак-автожолы" мен Ош облысындағы "Достық" бақылау-өткізу бекеттері жеңілдетілген тәртіпке көшкен болатын.