Қырғыз-Қазақстан шекарасында азаматтарды өткізу процедурасы жеңілдетілді

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, шекаралық ведомстволардың жетекшілері осындай уағдаластыққа жырда Алматыда өткен кездесуде қол жеткізді. Бұл шешім екі елдің шекаралық аудандары тұрғындарының өзара барыс-келісін анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Кездесуде тараптар сыртқы мемлекеттік шекараларда туындаған дағдарысты ахуал кезіндегі өзара шұғыл ықпалдастық жүйелерін зерттеп тексерді. Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық мекемелерінің жетекшілері халықаралық лаңкестікпен күрес, есірткілік заттардың, қару-жарақ пен басқа да контрабандалық заттардың елге заңсыз енгізілуімен күрес, екі ел аумағындағы заңсыз көші-қонмен күрес шараларын жүзеге асыру барысын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылып, шекаралық мекемелердің мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы ықпалдастығына қатысты шешімдер қабылданды.