Қырғызстан 1-сәуірден бастап шетелдіктердің республика базарларында сауда істеуіне тыйым салады

А. Рысқұлованың сөзіне сүйенсек, қырғыз үкіметінің қаулысына сәйкес шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар сауда-базар кешендерінде, шағын базарлар мен тұрақты емес сауда орындарында көтерме және бөлшек саудамен шұғылдану құқығынан айырылады. Сондай-ақ, тұрақты сауда орындарында, дүкендер мен сауда орталықтарындағы шетелдіктердің саны кәсіпкерлердің жалпы санының 10 пайызынан аспауы қажет.

"Қаулы ішкі еңбек нарығын қорғау үішн қабылданған және де Қырғызстанның бөлшек сауда саласындағы, тек базарда еңбек етіп жүрген мамандығы жоқ жұмысшыларға ғана қатысты",- деді ол.

А. Рысқұлова үстіміздегі жылдың 1-сәуіріне дейін республика аумағын 5-6 мың адамның тастап шығуы қажет екендігін атап өтті. Қырғызстан үкіметі шетелдіктерге осы мерізімге дейін өз тауарларын өткізіп, елден кетуге ұсыныс жасап отыр.