Бүгін Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Асқар Бешімовтың БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысының орынбасары Паоло Гароннамен кездесуі өтті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Қырғызстанда бірлескен Еуропа экономикалық комиссиясы мен тұрақты хатшылық қызметін қоса атқаратын БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының өкілдіктерін ашу мәселелері талқыланды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуропалық экономикалық комиссияға төрағалық ету ұсынысы Қырғызстанға 2008 жылдың мамыр айында Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудиновтың БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Марек Белькамен кездесуі барысында жасалған.