Қырғызстан аса күрделі энергетикалық дағдарыстың қарсаңында тұр - "Коммерсантъ"

Басылымның жазуына қарағанда, дағдарыс елдегі ахуалдың ушығуына алып келуі мүмкін. Оппозиция қазірдің өзінде жаңа төңкерісті меңзеп отыр. Қырғыз сарапшыларының пайымдауынша, осындай жағдайда Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің тығырықтан шығар жалғыз жолы бар - ол Ресейден көмек сұрау.

Қ. Бакиев алғаш рет елдегі биліктің халыққа жылу мен жарықты үздіксіз беруге қауқары жоқ екенін жариялы түрде мойындады.

Энергетикалық дағдарысқа түркі болған басты себеп ретінде Нарыз өзеніндегі Орталық Азиядағы ең ірі Тоқтағұл су қоймасына келетін су көлемінің тапшылығына алып келген қуаңшылықты атауда. Бұрын мұнда 19,5 млрд текше метрге дейін су жиналатын, ал биылғы көктемде небәрі 7,4 млрд текше метр болды, бұл өңірдегі ең төменгі сұранысты қамтамасыз етуге қажетті деңгейден 4 млрд текше метрге кем. Тоқтағұл су қоймасындағы су осы аттас су электр станциясының құбырларын айналдырып қана қоймай, Қырғызстан, Қазақстан мен Өзбекстанның солтүстік бөлігіндегі ондаған миллион гектар ауылшаруашылық алқаптарын ылғалмен қамтамасыз етеді.