Ол мұндай келісімге Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында қол жеткізілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл қор оқыс оқиға бола қалған жағдайда елге 3 айға азық болады.
Қырғызстанның үкімет басшысының айтуынша, жеңілдетілген бағамен 291 мың жанұяға ұн сату мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
"Бұлар тек кедей және аса кедей азаматтар. Біз қазіргі бюджет жағдайында бүкіл қырғызстандықтарды қамтамасыз етуге шамамыз жетпейді. Сондықтан көмек те атаулы болады", - деп сөзін түйді И. Чудинов.
Қазіргі күні Қырғызстанның мемлекеттік материалдық резервінің қорында 62 мың тонна астық бар.