Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн тіркеусіз бола алады

"Қырғызстан азаматтары шілдеден бастап Қазақстанда 90 күн бойы тіркеусіз бола алады. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге екі республика арасында көші-қон саласында туындайтын түрлі тауқыметтерді шешу үшін жуырда құрылған екі жақты жұмыс тобының іс-қызметі септігін тигізді", - деді комитет төрайымы Айгүл Рысқұлова.