Р. Робинсонның айтуынша, қазіргі күннің өзінде осы жаһандық дағдарыспен күресуде әлемнің кедей елдеріне көмек көрсету жобасында барлық индустриялық дамыған мемлекеттер бір-бірімен иық тірескен. Республика жоғарыда аталған көмекті бірінші кезекте алуға нақты мүмкіндігі бар, деп есептейді Дүниежүзілік банк өкілдігінің басшысы.
Атап айтқанда, Қырғызстан қазіргі таңда 2,1 млрд долларды құрап отырған сыртқы қарызды жеткілікті жауып отыруы үлкен маңызға ие. "Елдің бұл қарызды жабуында келеңсіздіктер болмайды. Мемлекет негізгі қарыз бен пайызды жабуға қауқары жетеді. 2008 жылдың бірінші тоқсанында Қырғызстанның фискалдық табысы өткен жылмен салыстырғанда 1,3 млрдқа артық", - деді Робинсон.