Қырғызстан азық-түлік қауіпсіздігін бақылауда ұстау керек - Қырғызстан премьер-министрі

Оның сөздері бойынша, өткен жылдың екінші жартысында ұн мен нан бағасының қымбаттауына байланысты ел үлкен қиыншылыққа тап болды.

"Сол кезде үкімет туындаған өзекті мәселенің түйінін шешу үшін, бірқатар шұғыл шараларды қолға алды. Содан кейін, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шараларға көшті. Бұл елдегі ахуалды біршама тұрақтандырды, бірақ осымен бәрі аяқталды керек деген сөз емес. Үкімет елдің азық-түлік қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстау керек",- деп атап өтті Қырғызстан премьер-министрі.

Оның пікірінше, Қырғызстан үкіметі жанындағы азық-түлік қауіпсіздігі Кеңесі осындай міндеттерді атқарсын деген мақсатпен құрылды.

"Біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның алдын алатын жүйелі шараларды құруымыз керек. Мәселе азық-түлік нарығында азық-түліктер бағасының күрт өсіп, тапшылығы пайда болатын жағдайларды айналып өтетін тәсілдер туралы мәселе қозғалып отыр".

Үкімет әрекет ету жүйесін дайындады, енді министріктер мне ведомстволар азық-түліктердің бағалары бойынша шұғыл ақпарат беріп, болатын өзгерістер туралы хабарларын уақыты жеткізіп отырулары тиіс. Мұндай жұмыстан жүйелі түрде жүргізіліп, үкімет түрлі келеңсіздіктердің алдын алатын шараларды ұйымдастыруы керек.

Премьер-министр атап өткеніндей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде, бағалардың шарықтауы кезеңінде елдегі әлеуметтік тұрмысы нашар адамдарға нақты көмек көрсетуді жадында ұстау керек.

Қырғызстанның үкімет басшысы хабарлағанындай, ауыл шаруашылық саласында көктемгі-егін жұмыстарын бастау үшін шаруаларға көмек көрсетудің бірқатар шаралары қолға алынды. Бұл көмек ауыл шаруашылық саласының жағдайын жақсарта түседі.