"Қырғызстанның банк саласы қарқынды дамып келеді, шетелдік инвестор республикадағы банк бизнесіне үлкен қызығушылық танытуда, ел банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды", - деді М. Алапаев.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында коммерциялық банктердің несиелік қоржыны 62,5%-ке, депозиттік базасы 11%-ке өсті. Банк секторының жиынтық таза капиталының көрсеткіші 6,7 млрд сомнан асып, жыл басынан бері 33,7%-ке өсті.
Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы сонымен бірге ел банктерінің таза пайдасы жарты жылда 643 млн сомды құрағанын, бұл өткен жылғы осы көрсеткіштен екі есе артық.
$1 38 сомға тең.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті