Қырғызстан Батыстың санкцияларынан қорықпайды - президент Атамбаев

АҚШ пен ЕО-тың Ресейге қатысты енгізіп отырған санкциялары Кеден одағына мүше болуға күш салып жатқан Бішкекті шеттете алмайды.

Түркияға жұмыс сапары барысында ол: «Біз оқшау қалмаймыз. Меніңше, тіпті, Ресейді де шеттете алмайды. Бұл РФ мен батыс елдері арасында туындап отырған уақытша проблемалар», - деді.

«Біз ЕО немесе АҚШ-тың шеттеткенінен қорықпауымыз керек, өйткені, біз олармен шекараласпаймыз. Егер 2010 жылғыдай көршілер шеттетсе жағдай қиын» деп атап өтті қырғыз басшысы.

«Көршілер шеттетсе бізде бензин де, бидай да болмайды. Қырғызстан үшін осындай маңызды мәселелер бар», - деп түсіндірді А.Атамбаев.