Қырғызстан біржыныстылықты насихаттайтын «көгілдірлерге» қарсы белсенді күресті бастады

Жақында Бішкектегі түнгі клубтардың бірінде жергілікті жастар ер адамдардардан құралған украиналық «The Kazaky» би тобына өз «өнерін» көрсетуге жол бермеді. 100-ге жақын жастар дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтауға үндеп, бір жыныстылардың әрекетіне ашық қарсылық танытты. Қарсылық акцияға байланысты ерекек бишілердің кешін ұйымдастырушылар оны тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кету керек, бірнеше күні бұрын Қырғыз Республикасының Жоғары Кеңеш депутаттары АҚШ елшілігінің қарсылығына қарамастан «гей-насихатқа» қарсы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын.