Қырғызстан Бішкекте исламдық қаржы қызметі орталығын ашуды ұсынуда

"Біз ислам қағидалары мен ислам қаржыландыру қағидалары бойынша шығарылатын бағалы қағаздар бойынгша сақтандыру ұйымдастыру үшін ислам банкінің өкілдерін Қырғызстанға шақырамыз, сондай-ақ Бішкекте ислам қаржы қызметі орталығын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз", - деп Қырғызстанның бірінші вице-премьері Омірбек Бабанов бүгін Астанада Дүниежүзілік экономикалық форумда мәлімдеді.

"Қырғыз Республикасында банк ісі мен қаржыландыруды дамыту экономикалық қатынастарды жетілдіруге және қаржыландырудың бәсекеге қабілетті жүйесін дамытуға ықпал ететін шара ретінде қарастырамыз", - дейді ол.
О.Бабанов 2009 жылы "Ұлттық банк және банктік қызмет туралы" заңға Қырғызстанда ислам банкингін дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған өзгерістер күшіне енгенін мәлімдеді.