Дүниежүзілік бокс сериясы 2-турының ойыны аяқталды. Мұнда «Украин атамандары» «Британияның арыстан жүректері» командасымен кездесіп, қарсыласын 3:2 есебімен еңсерді. Ойын қорытындысы төрт сайыстан кейін мерзімінен бұрын шешілді.
Жеңімпаздың бірі ретінде Азат Үсенәлиевтің есімі ерекше аталады. Ол 52 келі салмақ санатында Эндрю Селбимен айқасқа түсті.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қарсыласы жарақатының ауырлығынан 5-ші раундқа шығудан бас тартты.