Қырғызстан БҰҰ тұрақты даму комиссиясына сайланды

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, сайлау сәуір айының соңында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткен. Комиссияның басты міндеті тұрақты даму саласындағы, оның ішінде, "ХХІ ғасырдың күн тәртібі" мен Йоханнесбург іс-әрекеттер жоспарындағы халықаралық деңгейде келісілген мақсаттардың іске асуына бақылау жасау болып табылады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссиядағы жұмыс тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау негіздерімен байланысты адамзаттың әлемдік деңгейдегі көптеген өзекті проблемаларын шешуге қажетті практикалық шараларды қабылдауға өз үлесін қосуға Қырғызстанға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық жұмыс тобына сайланған.