Қырғызстан ЕАЭО қосылу туралы келісімге 23 желтоқсан күні қол қояды


мамыр айына қарай одақтың толыққанды мүшесі болуы ықтимал, деп мәлімдеді Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев.
Бұл туралы ол үкіметаралық ресейлік -қырғыз комиссия отырысы аяқталған соң өткен баспасөз мәслихатында айтты.
"Бұл құжат толықтай күшіне ену үшін ол бүкіл қатысушы елдердің ратификациялаушы процедураларынан өтуі керек, оның үстіне біздің елдің инфрақұрылымы қазіргі уақытта еуразиялық интеграциялық бірлестік елдерінде бар стандарттарды қамтамасыз етуге тиіс”, деді ол.
Оның айтуынша, өзгерістер шекараны реттеу режимі, өткізу пункттері, сертификаттау мәселелері мен нормативті –құқықтық база мәселелеріне қатысты болмақ.