Қырғызстан экспорттық баж салығын енгізу арқылы барлық жем түрлерін елден шығаруға жарты жылға тыйым салмақшы

Осы министрліктің фискалдық саясат басқармасының хабарлауынша, елден шығарылатын жем құнының 100% көлемінде экспорттық баж салығын енгізу арқылы шектеу қою көзделген. Мұндай шара алғаш рет қолданылып отыр және жемнің, соған сәйкес, мал мен ет бағасының күрт қымбаттауына жол бермеу үшін жасалуда.