Қырғызстан электр қуатының 1 кВт-с $0,03 экспорттайтын болады

" Бүгінгі күні бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіліп оның бағасы келісілуде (кВт-с. $0,03 ). Электр қуатының сапасы, көлемі мен уақтылы жеткізілуіне оны шығарып тасымалдап отырған жақ жауапты болады. Электр қуаты -бұл тауардың ерекше түрі болғандықтан оған үнемі бақылау жасап отыру керек ", -деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, заң жобада электр қуатын пайдаланып, оның төлемдерін ұдайы жасамайтын тұтынушылар мен қуаттың коммерциялық жоғалтулары сияқты мәселелерге үлкен көңіл бөлінді. Жоғарғы кеңестің спикері Адахан Мадумаров атап өткеніндей, электр қуаты бойынша берешегі барлардың 44 пайызы ірі кәсіпорындар болып отыр.