Қырғызстан екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыруға дайын - Қырғызстан үкімет басшысы

Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкімет басшысы Қазақстанның көршілес Қырғызстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынастарын, сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамыта нығайтуға ынталы екенін атап өтті. Алайда, тараптар бұрындары қол жеткізген келісімдерді іске асыруға күш салуы қажет. Атап айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан су-энергетика және газ саласында бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
Өз кезегінде Николай Танаев Қырғызстанның кез келген саладағы келіссөздерге дайын екенін және келісімдерді орындауға әзір екенін жеткізді.