Қырғызстан екі мемлекеттің үшінші елдердің азаматтарына берген туристік визаларын өзара мойындау туралы Қазақстанмен арадағы келісімді бекітті

Келісімге 2007 жылдың 26 сәуірінде Бішкекте қол қойылған. Құжатқа сәйкес, Қырғызстанның Ыстықкөл, Талас және Чу облыстарында, Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарында өзара туристік виза танылады.