Клуб мәліметінше, 19 тамызда Инвестициялар мен экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі ислам корпорациясының таныстық миссиясына қатысушылар Қырғызстанның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен жүздесті. Осы корпорацияның іс-қызметі мен мүмкіндіктері Қырғызстанның Экономикалық даму және сауда, Қаржы министрліктері, Қаржы нарығын қадағалау және реттеу қызметі, Қырғызстан Ұлттық банкі, Қырғызстанның Ұлттық сақтандырушылар қауымдастығына таныстырылды.