Қырғызстан ішкі істер министрлігі Барыктабасовтан тәртіпсіздіктен келген шығынның өтеміне 600 мың доллар төлеуді талап етті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, наразылық шарасы салдарынан келген материалдық шығын көлемі 24 млн. 403 мың сомға (600 мың доллар) бағаланды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-маусымда Урматбек Барыктабасовты Қырғызстан мемлекет басшысы лауазымынан үміткер ретінде тіркеуді талап еткен 100-дей адам Үкімет үйіне басып кірген. Көзден жас ағызатын газды пайдаланған милиция наразылық шарасына қатысушыларды Бішкектің орталық алаңынан айдап шықты. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Урматбек Барыктабасовтың Қазақстан азаматы екенін айғақтайтын дәлелдер келтіре отырып, президенттіктен үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан болатын.
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, рұқсатсыз шараға 7 мыңдай адам қатысты. Наразылық шарасы кезінде "Қырғызстан Республикасының үкімет үйін күшпен басып алуға әрекет жасалып, ғимараттың сыртқы ауласының есігі мен кейбір ішкі есіктер шағылған". Оқиғаның салдарынан ішкі істер мекемелерінің 50 қызметкері жараланды. 13 қызметкер ауруханаға түссе, 2 адам әл үстінде реанимацияда жатыр.