Қырғызстан коммунистерінің фракциясы елдегі АҚШ әуе базасының қызметін тоқтату туралы мәселені қарастыруды ұсынады

"Американың әскери қызметкерлері жасаған көптеген қылмыстар (жаяу жүргіншілерді қағып кету, Қырғызстан азаматы Александр Ивановты өлтіру), ауыл шаруашылық алқаптары мен елді мекендерге жанармай төгу - бұл Қырғызстанға АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық әкеліп отырған "пайданың" бір бөлігі ғана", - деп атап көрсеткен коммунистер.

"Біздің жерімізде қару-жарақтың тау болып үйіліп жатуына, біздің жерімізден үшінші мемлекеттерге қатер төніп отырғанына жол бермеуіміз керек", - деп есептейді Қырғызстан коммунистерінің фракциясы.