Қырғызстан көршілес елдерге қажетті көлемде су жіберуге кепілдік бермейді - "Электр станциясы" ААҚ

Мұндай мәлімдемені акционерлік қоғам "Нарын-Сырдария бассейнінің суэнергетикалық қорын тиімді пайдаланудың көпжылдық үйлестіру саясатын әзірлеуге қатысты келіссөздердің созылып кетуіне" байланысты жасап отыр.

Баспасөз қызметі атап өткендей, қуаңшылық жылдарының циклі басталуға байланысты Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның су шаруашылық және жылу-энергетика салалары, сонымен қатар "Сырдария" БСБ (бассейн-су бірлестігі) аймақтық компаниясы мен "Энергия" БДО (біріккен диспетчерлік орталық) басшыларының кездесуі туралы бастама көтерді.

Аталмыш кездесудің мақсаты "Нарын-Сырдария" бассейнінің суэнергетикалық қорын тиімді пайдаланудың көпжылдық үйлестіру саясатын әзірлеу болуға тиіс болатын. Бірақ 15-маусымда Бішкекке аталмыш сала басшыларының орнына 2007 жыл мен 2008 жылдың бірінші тоқсанына арналған Сырдария өзен бассейнінің суэнергетикалық қорын тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі құжатқа қол қоюға құзыры жоқ сарапшылар келген.

"Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметі, мұның үстіміздегі жылы қырғыз жағы сәйкес мәселеге қатысты толыққанды келіссөз жүргізуге жасаған үшінші талпынысы екендігін атап көрсетті.

"Келіссөздің сөзбұйдаға салынуына байланысты қырғыздық энергетиктер келесі жылы шекаралас елдерге сұраныс көлеміне сәйкес су беруге кепілдік бермейді",- деп атап көрсетілген компания таратқан хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті