Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында атыс қаруы қолданылған кезекті оқиға салдарынан бір адам қаза болды


артынан ол Өзбекстан аумағында ауруханада қаза болды, деп хабарлады бейсенбіде Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі Гульмира Борубаева.
Оның айтуынша, атыс қаруы қолданылған оқиға 13-қараша күні Жалал-Абад облысында Ала-Бүкі ауданының Озок жерінде болған, мұндағы жер телімі екі республиканың шекарасындағы келісілмеген учаскілерге саналады.
Алдын-ала деректерге қарағанда, оқиға Қырғызстан азаматының контрабандалық қызметіне байланысты орын алған болу керек, ол Өзбекстанға контрабандалық жүк алып өтпек болған сыңайлы, деді ол.
Г.Борубаева атап өткендей, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қазір тараптардың шекаралық өкілдері келіссөздер жүргізуде.