Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ

Орташа қуатты жер сілкінісі 1 тамызда сағат 07.29-да Қырғызстанның Жалалабад облысының аумағында тіркелді.

Қырғызстанның ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі ошағында дүмпу қуаты 5 балл болды.

Қырғызстанның ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, сілкініс ошағы Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында, Кербен ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 45 шақырымда, Ташкумыр қаласынан солтүстік батысқа қарай 35 шақырымда, Майлуусуу қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 шақырымда тіркелген.

Жер сілкінісінің қуаты Кербен ауылында 4 балл, Ташкумыр қаласында - 3 балл, Майлуусуу қаласында - 2,5 балл болды.