Қырғызстан мен Өзбекстан Сырдария арнасына жіберілетін су көлемін азайтуға уәде беріп отыр - ҚР су ресурстары комитетінің төрағасы

"Біз уағдаласқандай, Ферғана аңғарының шаруашылықтары 150-200 текше метр суды өздеріне бұрып отырады, ал Қайраққұм су қоймасының арналары 200 текше метр суды алады. Біз өз тарапымыздан "Достық" арнасына 80 текше метр суды алу арқылы Шардара су қоймасындағы су көлемін азайтамыз", -деді А. Рябцев.

Сонымен қатар, Өзбекстан билік өкілдері Арнасай ойпатына 1,5 млрд текше метр суды аударуға дайын екендіктерін хабарлады. Ал жағдай ушығып бара жатса 2,5 млрд текше метр суды қабылдайтын болады.

Сонымен қатар Қырғызстанмен суды тастау жағынан және Тоқтағұл ГЭСімен электр қуатын өндіру көлемін азайту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Оның орнына олар Бішкек және Ош ЖЭО қуат көлемін ұлғайтады.

"Бұл электр қуатын өндіру үшін ақпан-наурыз айларында 50 мың тонна көмір, ал ақпанда 4 мың тонна қара май бөлінетін болады", - деді ҚР энергетика вице- министрі Дүйсенбай Тұрғанов.

"Қазір су қоймасына құйылып жатқан су көлемі секундына 1400-1500 текше метрді құрайды. Алдағы бес алты күнде оның көлемін 1200 дейін түсіруіміз керек", - деді А. Рябцев.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Оңтүстік Қазақстан облысында вице- министр Ө. Шүкеевтың бастауымен екі күні жұмыс істеген комиссия Сырдариядағы су тасқыны мәселесінің анық-қанығын біліп қайтты. Жағдай өте күрделі екендігі айтылды. Мамандардың айтуынша қабылданған шараларға қарамастан су тасқыны қатты болады.