Қырғызстан мен Қазақстан Орталық Азияда сауда-логистикалық терминал желілерін құрмақшы

"Бұл желі аймақтағы сауда жүйесінің нарықтық қағидасына негізделген жаңа түрі болады. Енді оның құрылуына бес жақты келісім- шарт жасалып, оған Франция да қосылатын болады, - деп хабарлады бүгін Қырғызстан Республикасының сауда, қызмет көрсету және нарық Қауымдастығының атқарушы директоры Сергей Пономарев.

Оның сөздері бойынша, мұндай құжатқа Қырғызстан мен Қазақстан қол қойып, кейін Тәжікстан мен ҚХР Шыңжан Ұйғыр автономиялық аймағы арасында жасалған келісім- шарт арқасында кеңейтілді. Ал жуырда Астанада өткен бас қосуда бұл келісім- шартқа Францияның техника және ауыл шаруашылық саласы бойынша халықаралық қарым-қатынастарын дамыту жөніндегі қауымдастығы қол қоятынын хабарлады

С. Пономарев атап өткеніндей, Қазақстан мен Қырғызстан келіссөздерді өткізу, жоспарды даярлау мәселелерін талқылайды. Франция өз кезегінде бұл республикаларда өндірілетін экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдерді европалық талаптарға сай шығару мәселесі бойынша мүдделілік танытты. Ол үшін қазақ-қырғыз кәсіпкерлерін тәжірибемен алмасу үшін Францияға шақырды.

"Мұндай терминалдарды , логистикалық кестелерді пайдаланудағы басты мақсат- өнімнің нақты құнын шығарып, оған кедендік, жүк және тағы да басқа төлемдерді қоспай тұтынушыға жеткізіп, тауардың бәсекелестік қабілетін арттыру ", - деп атап өтті С. Пономарев.

Қауымдастық қырғызстан жағынан "Дордой-логистик" және "Риза-групп" (Қазақстан) терминалдарын құрды.