Қырғызстан мен Қазақстан шегарашылары теміржол торабын бірлесе бақылауға алады

"Қағиданың негізі мынада, мәселен, қырғызстандық шегарашылар Мерке жаққа жүретін поезға отырып, Қазақстан мен Қырғызстан шегарасына дейін жолаушылардың төлқұжаттарын тексеретін болады. Мұндай бақылауды орындау үшін қазақ шегарашылары да алдын-ала Қырғызстанға жетіп, тиісті бағыттағы поезға отыруы шарт" деді З. Молдошев.

ҚР Шегара қызметі төрағасының сөзіне қарағанада, мұндай шаралар екі елдің шегарасынан өтетін жолаушыларды бақылау жұмысын жетілдіріп,тексеру уақытын қысқартуға бағытталған.

Екі елдің шегарашылар жаңа қағида енгізілген жұмысқа осы айда кіріседі. Ал бірлескен шегара бақылауы алғаш рет "Чалдовар теміржол" өткізу пунктінде жүргізіледі".

"Чалдовари теміржолында" жүргізілген тәжірибе басқа елді мекендеріндегі теміржол бекеттерінде де жалғасады, жақын арада мұндай бақылау көлік жолдарында да жүргізілмек.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті