Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Қырғызстанның Өзбекстандағы елшілігінің қызметкері ұсталды

Бұл туралы күш құрылымдағы дереккөз мәлімдеді.
Оның мәліметі бойынша, елшілік қызметкері сейсенбі күні таңертең құпия құжаттармен ұсталған сыңайда.
Бішкекте бір ай бұрын үшінші ел пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен Қырғызстан үкіметі аппаратының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі, бұрынғы премьер-министрдің ұлы Алтынбек Мұралиев ұсталған болатын.

«Біз осы екі оқиғаның байланысы бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», - дейді ол.


"Интерфакс" агенттігіне ресми дереккөздерден расталған мәлімет келіп түспеді.