деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, Қ.Бакиев Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуге РФ премьер-министрі Владимир Путиннің де қатысқанын айтты.
Президенттің айтуынша, осындай форматта "Қырғызстан мен Ресейдің екі жақты қарым-қатынастарының қазіргі кезеңдегі мәселелері, сондай-ақ, екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды".
"Ауқымды инвестициялар жайлы да сөз қозғалды. Біз қазір "Қамбарата-2" СЭС өз күшімізбен салып жатқанымыз белгілі, бірақ мен Д. Медведев пен В.Путинге Ресейдің "Қамбарата-2" және "Қамбарата-1" су электр станцияларын салуға инвестиция салуды ұсындым. Менің ұсынысымды Ресейдің президенті мен үкімет басшысы қолдады", -деді Қырғызстан президенті.